Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері

«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 21
  • Жауаптар: 21
  • 05.04.2019, 15:00
  • 05.04.2019, 17:00
  • ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Сейтмаганбетова Жазира 05.04.2019, 15:32, Сұрақ нөмірі: 8301

  • 0

Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік қызметшілерді уәждемелеу бойынша ұсынысым бар еді. Әрбір мемлекеттік органның басшысына айына немесе екі-үш айда бір рет жұмыс уақытында ұжыммен таза ауаға шығып, миға шабу шараларын ұйымдастырып отыруға тапсырма берілсе ұжымдардағы моральдық-психологиялық климат әлдеқайда жақсаратын еді. Мемлекеттік қызметшілер үнемі кабинетте отырып жұмыс істейтін адамдар. Оларға айрықша іс-шаралар ауадай қажет. Онсыз да жиі өткізіліп отыратын жиналыстарды таза ауада өткізуден ешқандай зиян келмейді деп ойлаймын. Осы ұсынысымды қабылдайсыз деген үміттемін.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 16:45

Қайырлы күн, құрметті Сейтмаганбетова Жазира! Ең алдымен, мемлекеттік басқару мәселелеріне белсенді қатысқаныңызға алғысымызды білдіреміз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр мемлекеттік орган дербес түрде, өзінің еңбек тәртіптемесі қағидаларында жұмыс кестесін, соның ішінде жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін, белгілейді («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, 32 бабының 3 тармағы). Мысалы, аталған норма шеңберінде, қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметшілердің жеке және кәсіби өмірлерін келістіру үшін мемлекеттік органдарда икемді жұмыс кестесін енгізу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, бүгінге әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сыртқы істер, мәдениет және спорт, қаржы және т.б. министрліктерінде икемді жұмыс кестесі енгізілді. Осындай жұмыс барлық өңірлерде жасалуда. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің, үстеме жұмыстарды жою шаралардаң арқасында, жеке уақытын тиімді ұйымдастырып, өзін дамытуға, отбасымен уақыт өткізуге және денсаулық мәселелерін шешуге мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында жүйелі түрде таза ауада спорт шаралары жүргізіледі. Мысалы, өткен жылы мемлекеттің бүкіл өңірлерінде"Алға басу - движение вперед" атты қайырымдылық жүгірісі және спартакиада өтетін болды. Бұдан басқа, мемлекеттік органдарының ұжымдарында жағымды моральдық-психологиялық климат орнату және әдептілік қағидаларын ілгерілеу мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Жұмыс жағдайларына байланысты барлық өзекті мәселелер бойынша әдеп жөніндегі уәкілге жүгінуге болады. Қайта алғысымызды білдіре отырып, Сіздің ұсынысыңыз алдағы мемлекеттік аппаратты жетілдіру жұмыстарында ескерілетін болады.