Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Измуханова Акмарал 05.04.2019, 15:44, Сұрақ нөмірі: 8304
Елбасы Атырау облысына келген сапарында тапсырмаларының бірі - 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап факторлы балды шкалаға негізделген жаңа еңбекақы төлеу жүйесіне көшу керек деп тапсырған. Бірақ, осы уақытқа дейін бұл мемлекеттік қызметшілердің жалақысы әлі шешілген жоқ. Себебі не?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 16:54
Қайырлы күн, құрметті Акмарал Измуханова! Сұрақтарыңызға рахмет. Олар мемлекеттік қызмет үшін өте өзекті болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент - Елбасының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың штаттық құрылымы мен әкімшілік шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазіргі уақытта жүргізілген жұмыстар негізінде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.