Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Аманбай Жансерік 05.04.2019, 15:45, Сұрақ нөмірі: 8306
Қайырлы күн, құрметті Айгүл Амантайқызы! Біріншіден бүгінгі ашық интернет конференция өткізіп жатқаныңызға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі қойылатын сұрақтардың басым көпшілі факторлік балдық шәкіл негізнде еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне қашан көшеміз деген сұрақ болғалы тұр. Бүгінгі күнге,кәсіби аппарат құру, мемлекеттік қызметшілердің мансаптық ілгерілеу жолында, қоғамда біршама орнымыз айқындалды.Осы атқарылып жатқан игі бастамалардың жалғасы ретінде, жаңа еңбекақы жүйесінде көшу ертерек қолға алынса деген өтінішім бар. Атқарып жүрген қызметіңіздегі игілікті істеріңізге сәттілік тілеймін!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 16:41
Құрметті Аманбай Жансерік! Сұрағыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік органдардың жаңа төлем моделіне көшу мерзімдері мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу жөніндегі жұмыс нәтижелерін ескере отырып, пилоттың қорытындылары бойынша айқындалатын болады.