Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Дастан Исламбек 05.04.2019, 15:47, Сұрақ нөмірі: 8307
Қайырлы күн. Айгүл Амантайқызы, Жамбыл облысы мемлекеттік қызметшілеріне балный шкала бойынша қашан айлық көтеріліп, бонрустар берілу көзделген?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 16:42
Құрметті Дастан Исламбек! Сұрағыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік органдардың жаңа төлем моделіне көшу мерзімдері мемлекеттік органдардың бюджет шығыстарын оңтайландыру және үнемдеу жөніндегі жұмыс нәтижелерін ескере отырып, пилоттың қорытындылары бойынша айқындалатын болады.