Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Галимов Махсут 05.04.2019, 15:58, Сұрақ нөмірі: 8310
Айгүл Амантайқызы, саламатсыз ба! Мен Атырау облысында мемлекеттік қызметте жұмыс жасаймын. Бізде шетелдік компаниялар көп екені белгілі, оларда жалақы мемлекеттік қызметке қарағанда бірнеше есе жоғары. Сондықтан білікті жақсы мамандар сонда жұмыс табуды жоспарлайды. Ал мемлекеттік қызметте жасауға ынталары жоқ, сол себептен ФБШ жүйесін енгізу орынды деп есептеймін. Біздің облыста қашан болатынын білгім келеді. Рахмет!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 16:59
Қайырлы күн, құрметті Максут Галимов! Сұрақтарыңызға рахмет. Жоғарыда айтылғандай, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша қажетті есептеулер мен еңбекақы төлеудің жаңа схемалары дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты Сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз.