Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
"Нұр Отан" Партиясы" Қоғамдық Бірлестігінің Алматы Облысы Талдықорған Қалалық Филиалы 05.04.2019, 16:24, Сұрақ нөмірі: 8312
Сәлеметсізбе! Мемлекеттік қызмет, бюджеттік мекемелердің, жалпы мемлекеттік қатысы бар мекемелердің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунт атаулары әр өңірде әрқалай басқарма болсын, әкімдік, орталық, бөлім және тағы басқа. Бір бекітілген стандарт жоқпа? Бір мекеме атауы орысша, бір мекеме атауы қазақша, біреуінде латын тілінде! Осы сұрақты назарға алсаңыз!
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 17:12
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рахмет. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережесінің (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығымен бекітілген) 1-тармағына сәйкес Агенттік мемлекеттік қызмет саласында басшылықты, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына бағалау және мемлекеттік бақылау жүргізетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Осыған орай әлеуметтік желілердегі аккаунттардың атауларын реттеу Агенттік құзыреті шегінен шығады. Алайда, Сіздің ұсынысыңызды өкілетті органның назарына жеткізу мақсатында сауалыңыз Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігіне жолданатын болады.