Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Караев Акберен 05.04.2019, 16:44, Сұрақ нөмірі: 8315
Айгүл Амантайқызы, саламатсыз ба! Сізге сұрағым бар еді. 2018 ж. қызметі бағаланғаннан кейін мемлекеттік қызметші 2019 жылдың наурызында мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетеді. Осы жағдайда оған бонус төлене ма екен?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 18:44
Қайырлы күн құрметті Караев Акберген! Сұрағыңызға рахмет. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары бұзылған немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші бағалаудың басталу күніне дейін жұмыстан шығарылған кезде есепті кезең үшін бонус төленбейді. Мемлекеттік лауазымнан босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаның тиісті актісімен айқындалған күн еңбек қатынастары бұзылған немесе жұмыстан босату күні болып табылады. Сонымен бірге, бонустар төлеу туралы шешімді: 1) "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін – бонустар төлеу жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қабылдайтын жауапты хатшыларды қоспағанда, пилоттық органның бірінші басшысы; 2) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін: пилоттық орган басшысы не оны алмастыратын адам (егер осы пилоттық органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға айқындалмаған болса); пилоттық органның жауапты хатшысы; пилоттық орган аппаратының басшысы; мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату құқығы бар лауазымды тұлғалар қабылдайды. Осыған орай, аталған сұрақты шешу үшін Сіз қызмет еткен мемлекеттік органдағы уәкілетті тұлғаға жүгінуіңіз қажет. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға баға беру және толығырақ жауап алу үшін Сіз тиісті құжаттарды қоса отырып, Агенттікке жүгінуіңізге болады.