Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Балгожин Рустем 05.04.2019, 16:45, Сұрақ нөмірі: 8316
Сәлеметсіз бе? Мемлекеттік кәсіпорында басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға кімдер жатады?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 17:48
Құрметті Балгожин Рустем! Қосымша сұрағыңызға рахмет! Мемлекеттік кәсіпорындарда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар: бірінші басшы және функционалдық міндеттерге қарай оның орынбасары болып табылады. Мысалы, басшының орынбасары өз бұйрығымен бағынысты адамдарды лауазымға тағайындап, жұмыстан босата алса, ол басқарушылық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, ондай өкілдік мемлекеттік кәсіпорынның басқа да жұмысшысына жүктелуі мүмкін. Осыған орай, басқарушылық функциялардың болуын әр жағдайда бөлек анықтау қажет.