Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері
«Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары А.А.Шайымова жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 21
- Жауаптар: 21
- 05.04.2019, 15:00
- 05.04.2019, 17:00
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Кырымкулова Асыл 05.04.2019, 16:59, Сұрақ нөмірі: 8317
Қайырлы күн, Айгүл Амантайқызы! Менің жақын құрбым 2015 жылдың наурызында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметке орналасты. 2018 жылдың желтоқсан айында бала босануға дейінгі демалысқа шықты. Қазіргі уақытта бала босанғаннан кейінгі демалысқа кетті. Бірақ, 2018 жылғы қызметі бағаланбай қалды. Ендігі жерде құрбым 2018ж. атқарған жұмысы бойынша бонус ала ала ма?
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 05.April.2019, 18:55
Қайырлы күн, құрметті Асыл Кырымкулова! Сұрағыңызға рахмет. Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес бонус мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленеді. Сіздің сауалыңызда құрбыңыздың бағалауды өткені немесе өтпегені туралы анық көрсетілмеген. Егер бағалауды өтпеген жағдайда, Бағалау қағидасы бойынша "Б" корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді. Осыған орай, бонус толеу сұрағын шешу үшін бес жұмыс күннен кем емес уақытқа жұмысқа шығуға құқылысыз. Сол уақыттың ішінде мемлекеттік орган сіздің тиімділігіңізді бағалауға тиіс. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға баға беру және толығырақ жауап алу үшін Сіз тиісті құжаттарды қоса отырып, Агенттікке жүгінуіңізге болады.