Тарихи мәдени мұра - ұлттық құндылығымыз
Тарихи мәдени мұра - ұлттық құндылығымыз тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басқармасының қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 12.04.2019, 10:00
- 12.04.2019, 16:00
- Алматы облысы әкімдігінің аппараты
Дукенов Адильжан 12.04.2019, 15:17, Сұрақ нөмірі: 8320
Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша облыс көлеміндегі ескерткіштердің жаңартылғаны немесе зерттелгендері бар ма?
Алматы облысы 12.April.2019, 15:26
Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы «Көне қала күмбірі» жобасы аясында, үш жоба: «Шенгелді керуен-сарайы», «Қырғауылды 1» қорымы, Жамбыл ауданында орналасқан «Бұрған» сақ дәуіріндегі патша қорғандарына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында шаруашылық мақсатындағы ыдыстар, құмыралар, қазандар, хумдар сияқты табылған жәдігерлер М. Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне табысталды.