Тарихи мәдени мұра - ұлттық құндылығымыз
Тарихи мәдени мұра - ұлттық құндылығымыз тақырыбында интернет-конференция. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басқармасының қызметкерлері жауап береді.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 12.04.2019, 10:00
- 12.04.2019, 16:00
- Алматы облысы әкімдігінің аппараты
Тюлюбекова Динара 12.04.2019, 15:38, Сұрақ нөмірі: 8321
1. Бүгінгі күнде күнкөрістің қамымен арнайы аппарат алып, алтын іздеушілер бар деген мәліметтер де жоқ емес, осыған орай тарихи байлық жеке басқа өтіп кетпей ме және заң тұрғысынан оған қандай шектеу бар?
2. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыруда қандай жұмыстар жүргізілді?
Алматы облысы 12.April.2019, 15:44
1) Өкінішке орай мұндай жағдайлардың орын алып тұратындығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естіп жататынымыз рас. Егерде тарихи-мәдени құндылығы бар ескерткішке жекелеген азаматтар жергілікті атқарушы орган және уәкілетті органның келісуінсіз әр түрлі жұмыстар жүргізетін болса, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Заңының 42-бабы бойынша жауапқа тартылады. Онда: «Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұраларды қорғау туралы заңдарының бұзылуына кінәлілігі әрекетінен немесе әрекетсіздігінен көрінген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады» - деп көрсетілген. 2) Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасын жүзеге асыруда облыс көлемінде қасиетті жерлердің тізімін қалыптастыру мақсатында облыстық сараптамалық кеңес және әр аудан, қалаларда жұмыс топтары құрылды. Нәтижесінде Алматы облысы бойынша Жалпыұлттық нысандар қатарына 17 макрообъектілер және өңірлік нысандар қатарына 41 микрообъектілер енгізілді.