Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызметтік әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
«Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, қызметтік әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаментінің басшысы А.К. Мұқашев жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 19.04.2019, 15:00
- 19.04.2019, 17:00
- Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті
Дильдебаева Айдана 19.04.2019, 16:34, Сұрақ нөмірі: 8344
Сәлеметсіз бе! Мемлекеттік тестілеуден 3 бағдарламадан өттім, енді 2 бағдарламамен тест тапсырғым келеді. Егер 2 бағдарламадан өтпей қалсам 3 бағдарламамен алған сертификатым жарамсыз болып калмай ма? Рахмет.
Павлодар облысы 19.April.2019, 16:57
Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларының 18-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификаттар тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Осыған байланысты, екінші бағдарлама бойынша тестілеудің мәндерінен төмен нәтиже алған үміткердің үшінші бағдарлама бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат жарамды болады.