«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»

«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 24.04.2019, 10:00
  • 24.04.2019, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Амангелдиев Самат 24.04.2019, Сұрақ нөмірі: 8355

  • 0

Сәлеметсізбе! Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен - Самат Амангелдиев, жас кәсіпкермін. Кәсіпкерлерге қайтарымсыз 3 млн. теңге ақша берілетіндігін естідім. Оны қалай алуға болады?

Қызылорда облысы 24.04.2019

Сұрағыңызға рахмет! «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтеусіз және қайтарымсыз негізде ауыл кәсіпкерлеріне салалық шектеулерсіз, ал қала кәсіпкерлеріне Бағдарламаның экономикалық басым секторларына немесе өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жобаларға 3 000 000 (үш миллион) теңгеге дейін беріледі. Өз кезегінде, кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идияларына қайтарымсыз гранттар беру ұсыну үшін облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы конкурстық іріктеу өткізеді. Сондай-ақ, конкурстық-іріктеу өткізілуі жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына алдын-ала хабарландыру береді. Кәсіпкер сол хабарландыруға сәйкес құжаттар тізбесін әзірлеп, конкурсқа қатысуға ниет білдіреді.