«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»
«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 24.04.2019, 10:00
- 24.04.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Төлеген Жазира 24.04.2019, Сұрақ нөмірі: 8356
Сәлеметсіз бе! Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Мен - Жазира Төлеген, ауылда шаштараз кәсібін бастап жатырмын. Қазіргі кезде шаштараз ғимаратының құрылысын аяқтап қойып керек құрал-жабдықтардың барлығын сатып алдым. Ендігі кәсібімді одан әрі жалғастыру несие алайын деп едім, осы үшін мемлекет тарапынан қандай көмек алуға болады?
Қызылорда облысы 24.April.2019, 13:06
Сұрағыңызға рахмет, Жазира! Кәсібіңізге береке берсін! Аталған кәсібіңізді «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелерді алу арқылы іске асыруды ұсынамыз. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде несие қаражаттары кәсіпкерлерге қалалық жерлерде 5 жыл мерзімге жылдық 6 пайызбен 6,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін, яғни 16 412 500 теңгеге дейін кепіл мүліктері негізінде беріледі. Ол үшін кәсіпкер міндетті түрде мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқытылуы тиіс. Бағдарлама аясындағы шағын несиелер Қызылорда қаласында өңірлік екінші деңгейлі банктер және микроқаржы ұйымы арқылы ұсынылады. Сонымен бірге, өңірлік екінші деңгейлі банктерден 14 пайыз мөлшерінде несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесінің 5,6 пайызын субсидия алу мүмкіндігі бар. Бұл ретте кәсіпкер қалған 8,4 пайызына төлем жасайды. Айта кету қажет, банктермен берілетін несие қаражаттары кепіл мүлік негізінде іске асырылады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85 пайызға дейін, ал жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер үшін 50 пайызға дейін мемлекеттің ішінара кепілдігін алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттің кепілдігі «Даму» КДҚ» АҚ-ы арқылы ұсынылады.