«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»
«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 24.04.2019, 10:00
- 24.04.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Айсаутов Айдос 24.04.2019, 13:05, Сұрақ нөмірі: 8357
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын.
Қызылорда қаласы аумағынан кәсіпкерлік мақсатында жер алып, шағын бизнесімді бастап, көше саудасымен айналысуды жоспарлап отырмын.
Менің сұрайын дегенім, қазіргі таңда қала аумағында саудамен айналысуға жер қайдан алуға болады? Жеңілдіктер қарастырылған ба?
Қызылорда облысы 24.April.2019, 13:32
Сұрағыңызға рахмет! Қазіргі таңда, қаламызда Астана қаласының іс-тәжірибесі негізінде «Көше саудасына арналған 100 орын» атты жобасы іске асырылуда. Яғни, аталған жоба арқылы қала аумағынан 100 жер телімдерін сауда саттықпен айналысушы кәсіпкерлерге конкурс арқылы ұсынып жатырмыз. Сондай-ақ, жер телімдерінің жалға алу ақысы жеңілдетілген, мәселен жылына 30 мың теңге (айына 2 500 теңге), әрі қарай жылына 24 мың теңгені (айына 2 000 теңге) құрайды. Жобаның операторы болып «Байқоңыр ӘКК» АҚ белгіленген. Жобаға қатысып өз кәсібіңізді дөңгелетуіңізге болады. Іске сәт!