«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»
«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 10
- Жауаптар: 10
- 24.04.2019, 10:00
- 24.04.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Куптлеуов Алим 24.04.2019, 16:40, Сұрақ нөмірі: 8364
Құрметті Қрымбек Елеуұлы!
Тұңғыш Президентіміз - Елбасы өзінің Жолдауында 2019 жыл «Жастарды қолдау жылы» деп жариялады. Осыған орай жас кәсіпкерлерге қандай қолдау шаралары қарастырылған?
Қызылорда облысы 24.April.2019, 16:57
Қайырлы күн! Рахмет, сұрағыңыз өте орынды. Жас кәсіпкерлерге биылғы жылы біршама қолдау шаралары қарастырылған. Оның бірі ретінде «Микробизнес - Қызылорда» өңірлік жобасы аясында ұсынылатын шағын несиелерді айтуға болады. Яғни бұл жоба бойынша «Қызылорда» Өңірлік инвестиция орталығы арқылы кәсіпкерлерге берілетін шағын несиелердің жылдық сыйақы мөлшерлемесі 10 пайыз болатын болса, жас кәсіпкерлер үшін бұл шағын несиелер 6 пайызбен ұсынылатын болады.Сонымен бірге, жастардың жаңа бизнес идеяларына қолдау көрсетуге республикалық бюджеттен гранттар бөлінетін болады. Яғни жас кәсіпкер өзінің кәсібін 500 мың теңгеге дейінгі немесе 3 млн. теңгеге дейінгі қайтарымсыз гранттар негізінде іске асыра алады. Бұдан бөлек, жас кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында жыл барысында «Ауылдың жас кәсіпкерлері форумы», «Жас кәсіпкерлер» форумы және «Байқоңыр старт-ап» жастарға арналған бизнес-идеялар конкурсы секілді іс-шаралар қарастырылған. Бұл ретте «Байқоңыр старт-ап» бизнес-идеялар конкурсы аясында жастарға жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға мүмкіндік беріп, қаржылай ынталандыру сыйы қарастырылған.