«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»

«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 24.04.2019, 10:00
  • 24.04.2019, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Баекеев Гани 24.04.2019, 16:42, Сұрақ нөмірі: 8365

  • 0

Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Өткен жылы облыстағы жанар май бекеттерінде дизель отынының бағасы өсіп кетті. Осыған байланысты, бағаны тұрақтандыру бойынша қандай шаралар қабылдануда?

Қызылорда облысы 24.April.2019, 17:05

Сұрағыңызға рахмет! Өздеріңізге белгілі, елімізде мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартылды. Осыған орай, қазіргі таңда республикада бензин бағасы нарыққа байланысты қалыптасуда. Бүгінгі күні, АИ-92 маркалы бензинінің орташа бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5 теңгеге арзандаған. (2018 жылдың қаңтарында – 158,5 теңге, 2019 жыл қаңтарында – 153,0 теңге). Дегенмен, жанар май бекеттерінде тапшылықты болдырмау және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әкімдікпен мұнай өнімдерінің бөлшек саудадағы бағаларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. Мониторинг нәтижесіне сәйкес, қазіргі таңда баға тұрақты, тапшылық байқалмайды.