«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы»

«Қызылорда облысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 10
  • Жауаптар: 10
  • 24.04.2019, 10:00
  • 24.04.2019, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Туралиева Айгерим 24.04.2019, 17:19, Сұрақ нөмірі: 8367

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге субсидия дегеніміз не, қандай мерзімге беріледі және мерзімін ұзартуға болама?

Қызылорда облысы 24.April.2019, 17:40

Сұрағыңызға рахмет! Кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылдық 14 пайызбен несие алатын болса, ол несиенің жылдық үстемесінің тең жартысы, яғни 50 пайызы мемлекет тарапынан төленеді. Сонда Бағдарлама аясында кәсіпкер несиесін жылдық 7 пайызбен өтейді. Сонымен қатар, атап өту қажет егер бұрын кәсіпкер несиесін субсидиялау мерзімін 3 жылдан кейін қайта ұзарту үшін жаңадан құжат тапсырып, уақыт жоғалтатын. Қазіргі таңда, Бағдарламаға тиісті өзгерістер енгізіліп, кәсіпкер алған несиесіне 5 жыл бойы субсидия ала алады.