Геномдық тіркеуге байланысты
«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заңның аясында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департаменті бастығының орынбасары Игорь Иванович Зубов жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 13.05.2019, 15:00
- 13.05.2019, 18:00
- ҚР ішкі істер министрлігі
Исмагулов Касымбек 13.05.2019, 15:48, Сұрақ нөмірі: 8370
Дактилоскопиялық тіркеуге алу қалай жүргізіледі?
ҚР Ішкі істер министрлігі 13.May.2019, 17:03
Құрметті Касымбек! Тіркеу кезінде дактилоскопиялау электрондық сканердің көмегімен жүзеге асырылатын болады және ерекше жағдайларда (мысалы, буындардың деформациясы және басқа) дактилоскопиялаудың бояу әдісі қолданылатын болады. Қазақстан Республикасының азаматтарын дактилоскопиялық тіркеу бірінші рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алу, сондай-ақ оны қалпына келтіру және ауыстыру жағдайларында кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды дактилоскопиялық тіркеу оларды құжаттандыру, тіркеу және Қазақстан Республикасының визаларын беру кезінде жүргізілетін болады. Еліміздің азаматтарын дактилоскопиялық тіркеу «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін көші-қон полициясының аумақтық бөліністерінде және аудандық бөліністерде жүзеге асырылады. Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.