Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция

Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.

  • Сұрақтар: 160
  • Жауаптар: 124
  • 22.09.2008
  • 10.11.2008
  • Алматы қаласы әкімдігі

Майрыкова Лаура Магзумовна 30.09.2008, Сұрақ нөмірі:

  • 0

Мен биылғы жылдың сәуір айында жас отбасы ретінде барлық құжаттарымды тұрғын үй департаментіне өткізіп, кезектік нөмірімді алдым, оның арғы жылы жер алу үшін жер комитетіне кезекке тұрдым, себебі бүгінгі күнге дейін мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім, ал қазіргі уақытта шетелдің мұнай компаниясында қызмет етемін, менің сұрағым: - кезегім келгенде тиісті жер, үй берілеме? Жас отбасы ретінде, әлде сен мектепте істемейсің деп берілмей ме? Үмітім ақталмаса, тиісті 10 соттық жерімді алсам деймін. Келесі сұрақ: - жердің кезегін келгенін қалай білуге болады және ол келетін кезек пе, жоқ әлде бос үміт пе?

Администратор 07.10.2008

Бар мәліметтер бойынша Л.М. Майрықова 2008 жылдың 21 сәуірінен бастап № 4704 нөмірімен «бюджет ұйымының қызметкері» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезегінде тұр. Тұрғын үй заңнамасын басшылыққа алып, “Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымның қызметкерлері, әскери қызметкерлер және әлеуметтік қорғалатын табысы аз топтардың бірыңғай тізімін жүргізеді, ол бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді беру кезек ретімен жүзеге асырылады. Мұқтаждар тізіміне енгізілген азаматтардың құқығы тең деп танылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген азаматтар басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайды. Баяндалғандар негізінде Л.М. Майрықоваға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй кезек ретімен берілетінін хабарлаймыз. Сонымен қатар, Л.М. Майрықованың жер туралы сұрағы бойынша Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы төмендегіні хабарлайды. Жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі-ЖТҚ) үшін жер учаскелеріне құқық беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Осы Ережемен белгіленген тәртіпте Л.М. Майрықова 2007 жылғы 18 қыркүйектегі өтініші негізінде ЖТҚ үшін жер учаскесін алуға үміткерлердің кезегіне 63 373 болып тіркелген. Алайда қала аумағында тиісті инженерлік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген, бөлуге арналған арнайы дайын алаңдардың жоқтығына байланысты қазіргі кезде жер учаскесін беруге мүмкіндік жоқ. Осы себепті Л.М. Майрықованың өтініші атаған алаңдардың дайын болуына қарай кезектілік тәртібнде қанағаттандырылатын болатынын хабарлайды.