«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы»

«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 6
  • Жауаптар: 6
  • 22.05.2019, 10:00
  • 22.05.2019, 18:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Халық Ғалымбек 22.05.2019, 10:55, Сұрақ нөмірі: 8384

  • 0

Саламатсыз ба, есімім Ғалым. Менде мінандай сұрағым бар. Шағын несие алу үшін оған қоятын кепілдеме болмай тұр, мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие немесе грант беріле ма?

Қызылорда облысы 22.May.2019, 11:17

Сәлеметсіз бе! 2018 жылдан бастап «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде Бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беріліп келеді. 2018 жылы 405 адамға 97,4 млн.теңгеге жаңа бизнес идеяларын іске асыруға гранттар берілді. Биылғы жылы осы гранттың мөлшері 252,5 мың теңгені құрап отыр. (2018 жылы 240,5 мың теңге). 2019 жыл - жастар жылы болып жариялануына байланысты және көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында отбасылық бизнесті ашу, көпбалалы отбасылардың табыстарын ұлғайту мақсатында аталған грант 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде, яғни 505 мың теңге көлемінде берілетін болады. Осыған 1102 грант беруге республикалық бюджеттен қосымша 606,5 млн. тенге қаражат бөлінді. Бұл гранттар микробизнесті бастау үшін қажетті инвентарьды, еңбек құрал-жабдықтарын, технологиялық жабдықты сатып алуға бағытталған. Мемлекеттік грант бастапқы бизнесті ашуға бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Мемлекеттік гранттарды бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткен немесе қысқа мерзімдік курстарды, техникалық кәсіби оқуды аяқтаған және бұдан бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржылай қолдау алмаған барлық еңбекке жарамды азаматтар мен оралмандар бір рет қана ала алады.