«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы»
«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 22.05.2019, 10:00
- 22.05.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ибрагимов Мусахан 22.05.2019, 13:21, Сұрақ нөмірі: 8386
Саламатсыз ба! Мен өзімді өзім жұмыспен қамтып отырмын. Менің сұрағым бар еді. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру қалай жүргізілуде?
Қызылорда облысы 22.May.2019, 13:35
Сәлеметсіз бе! 2018 жылдың басына тіркелмеген жұмыссыздар (41462) мен нәтижесіз өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар (56076) саны 97 538 адамды құраған болатын, атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аталған контингент саны 29859 адамды құрап 67679 адамға жыл басымен салыстырғанда төмендеді. Биылғы жылдан бастап өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды әрі қарай заңдастыру мәселесі туындап, заңнамаға өзгерістер жасалды. Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілді. Мақсат – өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды, зейнетақы жүйесіне, медициналық және әлеуметтік сақтандыруға тарту. Бірыңғай жиынтық төлем режимі формалды емес жұмыспен қамтылғандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ кәсібін жүргізуге мүмкіндік береді. Бірыңғай жиынтық төлем - табыс табу үшін формалды емес кәсібін жүргізіп отырған жеке тұлғаларға, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбай қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылығын жүргізіп отырғандарға, үй жұмыскерлеріне арналған. Бірыңғай жиынтық төлем көлемі қалаларда 1 АЕК (айлық есептік көрсеткіш 2525 т), ауылдық жерлерде - 0,5 АЕК көлемінде (1263 т.) белгіленген. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер төлемді өз бетінше жүргізе алады немесе олардың пайдасы үшін үшінші тұлға төлейді. Сонымен қатар, ағымдағы және келер айдың төлемін қосып бірыңғай жиынтық төлем төлеуге болады. Бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерге төмендегіше мүмкіндіктер жасалған: Бірыңғай жиынтық төлем үлесі мынандай: -10% - жеке табыс салығы; -20 % - әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорына әлеуметтік аударымдар; -30 % - бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы -40 % - міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорына аударымдар.