«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы»
«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 22.05.2019, 10:00
- 22.05.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Рысбай Жансұлу 22.05.2019, 15:09, Сұрақ нөмірі: 8391
Саламатсыз ба! Көп балалы анамын. Аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға қандай қолдаулар жасалуда?
Қызылорда облысы 22.May.2019, 16:29
Сәлеметсіз бе! Аз қамтылған, көп балалы отбасыларды қамтуды кеңейту үшін, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне әлеуметтік көмек көрсету критерийі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына артты. Осыған сәйкес облыс бойынша көмек алушылар саны 2 есеге дейін (34312 адамнан 60862 адамға дейін) артты. Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері орташа есеппен бір адамға 6 177 мың теңгеден 17 862 теңгеге немесе 3 есеге дейін көбейді. Бүгінгі күнге 15 мыңнан астам отбасына 2,0 млрд. теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, оның ішінде 18 жасқа дейінгі әр балаға 20789 теңге төленді. Мұқтаж адамдарға қолдау көрсету шараларын күшейту мақсатында ағымдағы жылдың 18 наурызында 2019-2021 жылдарға арналған өңірлік Әлеуметтік жол картасы қабылданды. Жол картасында әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы оқушы балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруі, киім-кешекпен, бір мезгіл ыстық тамақпен, жазғы сауықтыру лагерімен, балабақшамен тегін қамтамасыз етілуі қарастырылған. Жол картасының маңызды бір бөлігі мұқтаж отбасыларына қайырымдылық көмек жасауға бағытталған. Жыл басынан 3 мыңға жуық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 127,0 млн теңгеден астам сомаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Аса көмекке мұқтаж 136 отбасына облыстың ірі және орта кәсіпкерлік субъектілері жауапты ретінде бекітілді. Сонымен қатар, аз қамтылған көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамту мәселелері де жүйелі түрде шешілуде. Облыс әкімдігінің бастамасымен «Баламекен» жобасы шеңберінде 100 отбасы «Болат Өтемұратов Қоры» жеке қорының, ал, қалған 50 отбасы жергілікті бюджет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге, бұндай жұмыстар аудандар да жеке шаруашылық және кәсіпорындар тарапынан қолдау тауып, жыл басынан бері аз қамтылған көп балалы 11 отбасы тұрғын үймен қамтылды. Облыста тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік қолдауға мүдделі азаматтарды тұрғын үймен қамту мақсатында облыс әкімдігімен 2017 жылы аймақтық «ОРДА» арнайы жол картасы қабылданды. 2017 жылы «Орда» арнайы жол картасы шеңберінде облигациялық бағдарламамен салынған үйлер 4,3 млрд.теңгеге сатып алынып, баспанасы апатты деп танылған 474 отбасына берілді. Нәтижесінде, облыс бойынша апатты үйлер мәселесі толығымен шешімін тапты. Сонымен қатар, 2018 жылы Қызылорда қаласының сол жағалауында жеке құрылыс салушылар есебінен 604 пәтерлі 14 көпқабатты тұрғын үйдің (ең төменгі баға бойынша - 1 шаршы метрі 120 мың теңгені құрайды) құрылысы аяқталды. Облыс әкімдігі мен құрылыс салушылар арасында жасалған меморандумға сәйкес, 248 пәтер сатып алынып, «Орда» жол картасы аясында тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берілетін болады. Биылғы жылы облыста «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында 1862 пәтерді құрайтын 43 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының азаматтардың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бойынша тапсырмасын орындау мақсатында республикалық бюджеттен көпбалалы аз қамтылған отбасылары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына және дайын пәтерлерді сатып алуға қосымша 3,6 млрд.теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 431 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болады (205 пәтер құрылысы жүргізілсе, 226 пәтер сатып алынады).