«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы»
«Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау туралы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 6
- Жауаптар: 6
- 22.05.2019, 10:00
- 22.05.2019, 18:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Тургамбаев Еркин 22.05.2019, 16:38, Сұрақ нөмірі: 8393
Саламатсыз ба! Мен 2017 жылы оралман мәртебесін алдым. Құжаттарым толық болмай, азаматтықты алатын уақытымды өткізіп алдым. Алған оралман мәртебесінің де мерзімі өтіп кетті. Енді осы оралман мәртебесінің мерзімін ұзарта алам ба?
Қызылорда облысы 22.May.2019, 16:49
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! ҚР-ның «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады. Сіз көтеріп отырған мәселе тұрғындар арасында көптеп кездеседі. Аталған мәселе ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі тарапынан көтеріліп, оралман мәртебесінің мерзімін өткізіп алған азаматтар үшін жеңілдетілген тәрттіппен азаматтық алу мәселесі қаралған. Бүгінгі күні оралман мәртебесінің мерзімі өтіп кеткен азаматтар тиісті жергілікті атқарушы органдарға өтініш білдіріп, 2019 жылдың 31 желтоқсаны күнін қоса есептегендегі мерзімге дейін оралман мәртебесінің мерзімін ұзарта алады.