«Дипломмен ауылға» жобасы

Интернет-конференция тақырыбы: «Дипломмен ауылға» жобасы

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 29.05.2019, 10:25
  • 31.05.2019, 19:30
  • ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Рахым Сара 29.05.2019, 14:00, Сұрақ нөмірі: 8408

  • 0

«Дипломмен ауылға» жобасы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына (бұдан әрі - қағида) сәйкес іске асырылады. Бұдан басқа, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 275 бұйрығымен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілді (бұдан әрі - стандарт). Стандарттың 3-тармағына сәйкес, мемлекеттік қызметті аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары (аудандық экономика немесе ауыл шаруашылығы бөлімі) көрсетеді. Айтар болсақ, жергілікті жерде мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну жөніндегі мемлекеттік қызметті аудандық әкімдік іске асырады. Осы орайда менің сұрағым: Әлеуметтік көмекті алу үшін, мамандар конкурсқа қажетті құжаттарды тапсырады. Жергілікті аудан әкімдігінен комиссия құрылады. Сол комиссия қандай критерийлер, талаптар бойынша құжаттарын тапсырған белгілі бір маманға әлеуметтік көмек қажет, қажет емес деп шешім қабылдайды, комиссияның жұмысы неде? Жергілікті аудан комиссиясы қабылдаған шешімді ҚР ҰЭ сараптайды ма? Жергілікті аудан қаншалықты әділ және қажеттілігі; мұқтаждығы бойынша әлеуметтік көмекті бөліп жатқандығына.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі 31.May.2019, 19:22

Сәлеметсіз бе! Өтініш білдіргеніңіз үшін рахмет! 1. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарайды және келесі өлшемдер негізінде маманға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе бас тарту туралы әкімдікке ұсынады: - Қолданыстағы заңнамаға сәйкес (2005 жылғы 8 шілде ҚРЗ «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», 18-б. 8-т.), маман денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жұмыс істеуі тиіс. - Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын беру тиісті қаржы жылына арналған бөлінген сома шегінде жүзеге асырылады. Яғни, мамандардың жалпы қажеттілігі бюджеттен көзделген қаражаттан артық. Осыған байланысты, әлеуметтік қолдау шаралары тек шектелген қызметкерлер санына көрсетіледі. - Бюджет қаражаты жетіспеген жағдайда мамандардың өтініш берген күні бойынша әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткерлер қатарынан кезектілік қалыптастырылады. Осыған байланысты, комиссия бірінші кезекте кезекте тұрғандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуды ұсынады. - Және басқалар (маман дипломының атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі, келу фактісінің болмауы). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағына сәйкес (2015 жылғы 27 наурыздағы№ 275) көрсетілетін қызметті беруші аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары болып табылады. Ұлттық экономика министрлігі осы мемлекеттік қызметті іске асыру жөніндегі жалпы саясатты жүзеге асырады және тиісінше Комиссия қорытындыларын қарамайды. 3. Комиссия мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы шешім қабылдаған кезде қолданыстағы заңнаманы және Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алады. Шешімді объективті емес қабылдау факторлары анықталған жағдайда маман бұл шешімге сот тәртібімен дау айтуға құқылы.