Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халыққа есеп беру кездесуін өткізу
2019 жылғы 24 маусым күні Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің халыққа есеп беру кездесуі өткізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Министрлік қызметінің нәтижелері, елімізде іске асырылған реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің Стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілу туралы және Министрлікке қарасты салаларды дамытудың міндеттері бойынша хабардар етеді. Өтетін орны: Астана қ. Д. Қонаев көшесі, 4 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залы. Өткізетін уақыты сағат 09.30-дa. Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болған жағдайда 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-34-53, 8(7172) 74-37-23 телефондары номерлеріне хабарласуыңызды немесе press_mtszn@mail.ru, kense@enbek.gov.kz электрондық пошталарына бағыттауыңызды немесе «Рұқсаттама бюросы» залында орналастырылған пошта-жәшігіне қалдыруыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды «Ашық диалог» интернет порталы, Министрліктің ресми интернет-ресурсы www.enbek.gov.kz арқылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің блогына бағыттау мүмкіндігін хабарлаймыз.
- Сұрақтар: 4
- Жауаптар: 4
- 22.05.2019, 11:45
- 20.06.2019, 18:30
- ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Баспасөз қызметі
ӘМІРХАМЗАҚЫЗЫ АЙНҰР 19.06.2019, 10:02, Сұрақ нөмірі: 8475
Я мать 5 детей, сейчас получаю пособие по потери кормильца. Не так давно получила 3 группу инвалидности. Могу ли я получать одновременно 2 вида пособия, по инвалидности и по случаю потери кормильца? Спасибо!
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 20.June.2019, 19:13
Здравствуйте! Пособие по потере кормильца назначают несовершеннолетним детям (иждивенцам) до 18 лет и до 23 лет, если обучается. То есть это пособие назначается для Ваших детей. А пособие по инвалидности будет Вам назначено в связи с установлением Вам группы инвалидности. Соответственно, Вы будете получать два вида пособия одновременно.