«Шығыс Қазақстан облысының білім саласын цифрландыру»

Шығыс Қазақстан облысының білім саласын цифрландыруға қатысты сұрақтарды қарау

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 19.06.2019, 09:00
  • 19.06.2019, 18:00
  • Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі

Сеиткумарова Алия 19.06.2019, 10:12, Сұрақ нөмірі: 8478

  • 0

Сәлеметсіз бе? Менің есімім Асхат. Осы жылы мен мектепті Глубокое ауданында бітіремін. Бағдарламалаумен әуестенемін. Өскемен қаласының колледжіне оқуға грантқа түскім келеді. Сұрағыма жауап беріңіздерші, осы жылы ІТ-мамандыққа колледждерде грант бөліне ме?

Шығыс Қазақстан облысы 19.06.2019

Сәлеметсіз бе! Жыл сайын түлектерді қолдау мақсатында облыс әкімімен өңірлік жоғарғы оқу орындарына, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына гранттар бөлініп келеді. Биылғы жылы да жоғарғы оқу орындарына – 400, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына – 7930, оның ішінде ІТ-мамандықтарға 400 грант бөлінеді.