Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы
"Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.06.2019, 10:00
- 26.06.2019, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Байдилдаева Гульсара 26.06.2019, 11:05, Сұрақ нөмірі: 8481
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
2017 жылдан бастап жастардың тегін білім алуына мүмкіндік беретін «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылып келеді.
Биылғы жылы менің балам 9 сыныптан кейін осы бағдарлама бойынша жұмысшы мамандығын алғысы келеді. Осы ретте, баламның мемлекеттік грант есебінен оқуына мүмкіндігі бар ма?
Қызылорда облысы 26.June.2019, 11:26
Сәлеметсіз бе?" Сұрағыңыз өте орынды. Бұл бағдарлама өңіріміздегі жастардың жұмысшы мамандығын тегін алуына үлкен мүмкіндік берді. Қазіргі таңда, аталған бағдарлама аясында республикалық бюджеттен бөлінген мемлекеттік тапсырыс бойынша 1653 жас білім алуда. Өткен жылы жергілікті бюджеттен қосымша 500 орын мемлекеттік тапсырыс бөлініп, жастардың тегін білім алуына жағдай жасалды. Ал, 2019 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жергілікті бюджеттен 1515 орын мемлекеттік тапсырыс бөлу жоспарланып отыр.