Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы
"Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.06.2019, 10:00
- 26.06.2019, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ертелеуова Анар 26.06.2019, Сұрақ нөмірі: 8482
Менің балам Қызылорда қаласындағы Қызылорда политехникалық колледжінде 2 курста оқиды. Екі жылдан бері қалада пәтер жалдап тұрып келеді. Осы оқу орнының жатақхана мәселесін шешуге бола ма? Осы бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатқанын білгім келеді.
Қызылорда облысы 26.June.2019, 13:10
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет. Бұл мәселе Елбасы Н.Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасында нақты көрсетіліп, студент жастарды 2022 жылға дейін жатақханамен қамтамасыз ету тапсырылған.Біздің облысымызда жоғары оқу орындарында жатақхана проблемасы жоқ. Ал, 10 колледж бойынша жатақханаға деген қажеттілік 1375 орынды құрап отыр. Сіздің балаңыз білім алатын Қызылорда политехникалық колледжіне қажетті жатақхана мәселесі мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында шешімін табатын болады. Қазіргі таңда, Сұлтан-Бейбарыс көшесінің бойында орналасқан жеке кәсіпкердің құрылысы аяқталмаған ғимаратына құрылыс жұмыстары, атап айтқанда газ, ауыз су, кәріз жүйелерін жүргізу жұмыстары атқарылуда. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қызылорда политехникалық колледжінің студенттері үшін 200 орындық жатақхана пайдалануға берілетін болады.