Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы
"Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.06.2019, 10:00
- 26.06.2019, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Сейділдаев Нұрсұлтан 26.06.2019, Сұрақ нөмірі: 8483
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Мен Сейділдаев Нұрсұлтан, Қызылорда қаласындағы №9 мектеп-гимназияда математика пәнінің мұғалімі, магистрмын. Өзіңізге белгілі, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Педагог мәртебесі» туралы Заң әзірлеуді тапсырған болатын. Менің Сізге қояр сұрағым, осы Заң аясында «магистр» академиялық дәрежесі бар мұғалімдердің еңбекақысына қосымша үстемақы төлеу мәселесі қарастырыла ма? Бұл ұсынысымды әлеуметтік желі және министрліктің порталына жіберу арқылы білдірген болатынмын.
Қызылорда облысы 26.June.2019, 13:46
Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет. Бүгінгі күні ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Педагог мәртебесі» туралы Заң жобасы әзірленіп, дайындалды. Бұл заң педагогтың құқықтық және әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді. Өткен жылдың қазан айынан бастап облыстағы педагогикалық қауымдастық, ардагер-ұстаздар, ата-аналар арасында Заң жобасына қатысты ұсыныс-пікірлер жинақталып, ҚР Білім және ғылым министрлігіне жолданды. Берілген ұсыныстардың ішінде Сіз қойып отырған сұрақ та бар. Қазіргі таңда «Магистр» академиялық дәрежесі бар мұғалімдердің еңбекақысына қосымша үстемақы төлеу нормасы Заң жобасына енгізілген. Барлық процедурадан өтіп, Заң қабылданып, бұл норма қолдау тапқан жадайда, Сіздің еңбекақыңызға үстемақы қосылатын болады.