Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы

"Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 26.06.2019, 10:00
  • 26.06.2019, 17:00
  • Қызылорда облысы әкімшілігі

Байманова Анар 26.06.2019, 13:22, Сұрақ нөмірі: 8485

  • 0

Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Мен Байманова Анар, Қызылорда қаласының тұрғынымын. Қызым Өмірзақ Айдана №3 IT лицейдің 9 сыныбын бітірді. Пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалардың жүлдегері. Әлеуметтік желілерден өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда облысының делегациясы Ресей Федерациясына іс-сапарға барғанын оқыдым. Сапар барысында Сочи қаласындағы «Сириус» орталығы жұмысымен танысқандығын білдік. Интернет арқылы осы орталықтың жұмыс бағыттарымен таныстық. Балама қатты ұнады. Менің сізге қояр сұрағым, дарынды балаларға «Сириус» орталығында білімін шыңдауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік бар ма?

Қызылорда облысы 26.June.2019, 13:59

Сұрағыңызға рақмет. Иә, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. 2014 жылдан бастап біз мектеп бітіруші түлектерімізді Ресейдің және өзіміздің ең үздік деген жоғары оқу орындары мен колледждеріне оқуға жіберіп жатырмыз. Бүгінгі күні 500-ге тарта түлегіміз РФ Үкіметі тарапынан бөлінген білім гранттары есебінен Ресейдің алдыңғы қатарлы жоғары техникалық оқу орындарында білім алуда. Алғашқы бітіруші түлектер елге оралып, бүгінгі таңда аймақтағы өндіріс орындарына жұмысқа орналастырылды. Ал енді Өзіңіз айтқан Ресей Федерациясы «Сочи» қаласындағы «Сириус» орталығына бір топ делагация мүшелері іс-сапарға барып, облыстан дарынды балаларды жіберу мәселесін пысықтап қайтқан болатын. Биылғы жылы жаратылыстану ғылымдары саласындағы қабілеттерін көрсеткен дарынды балаларды «Сириус» оқу орталығына жіберу үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қазан айында жіберу жоспарлануда. Ол үшін конкурс негізінде талантты жастар іріктелетін болады. Сіздің де балаңыз осы конурсқа қатысып, Сочи қаласындағы «Сириус» орталығына жолдама алуға мүмкіндігі болады.