Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы
"Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы" тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Е. Көшербаевтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 26.06.2019, 10:00
- 26.06.2019, 17:00
- Қызылорда облысы әкімшілігі
Ідаяхожаев Қазбек 26.06.2019, 16:54, Сұрақ нөмірі: 8486
Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Мен Қызылорда қаласының тұрғынымын. Соңғы жылдары аймағымызда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіліп келеді. Соның айқын көрінісі облыс бойынша жекеменшік балабақшалар көптеп ашылып, қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беруді дамытып, кәсіптерін жүргізіп отыр. Құрметті Қырымбек Елеуұлы! Ал енді, жеке балабақшалар жұмысын дамыту секілді кәсіпкерлерге жеке мектеп ашуға қандай мүмкіндіктер бар?
Қызылорда облысы 26.June.2019, 16:58
Сәлеметсіз бе, Қазбек! Бүгінгі күні Қызылорда қаласында 2 жеке мектеп жұмыс жасайды. Онымен қоса ағымдағы жылы инвесторлар 2 мектептің құрылысын салуда.Статистикалық мәліметтерге сәйкес соңғы жылдары облыста, оның ішінде Қызылорда қаласында оқушылар контингенті қарқынды өсуде. Бұл өз кезегінде оқушы орнының тапшылығын қалыптастырып, жаңадан мектеп салу қажеттілігін туындатады. Сондықтан аймақта жеке мектептердің ашылғаны біз үшін тиімді болмақ. Егер Сіз жеке мектеп ашатын немесе мектеп ғимаратын салатын болсаңыз мемлекет тарапынан жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмі арқылы мемлекеттік тапсырыс алуға және жаңа мектеп құрылысын салған немесе қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген инвестор мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (ГЧП) бойынша шығындарын бюджеттен бөліп қайтарып алуға мүмкіндіктер қарастырылған. Сол себепті барлық бизнес өкілдерін жеке мектеп салу, ашу жұмыстарына белсенді болуға шақырамын.