Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөніндегi Интернет-конференция
Қазақстан Республикасы азаматтары мен облыстар, Астана қаласы мен Алматы қаласы Әкімдіктерінің арасында шұғыл режимде іс-қимыл орнату мақсатында 2008 жылдың 22 қыркүйегі мен 10 қарашасы аралығындағы кезеңде «Электрондық үкімет» веб-порталында Қазақстан Республикасы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелері жөнінде Интернет-конференция өтеді.
- Сұрақтар: 160
- Жауаптар: 124
- 22.09.2008
- 10.11.2008
- Алматы қаласы әкімдігі
Ахметов Даурен Калмагамбетович 02.10.2008, Сұрақ нөмірі:
Мемлекеттік қызметте істейтін семьялы жастарға тұрғын үйді сатып алу үшін қандай жеңілдіктер бар және ипотека алу үшін айлық табысы қанша болуы керек.
Администратор 07.10.2008
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қолжетімді тұрғын үйді сатып алуға басымдық құқық: балалары бар жас отбасыларға, онда ерлі-зайыптының екеуі де 29 жасқа толмауы қажет («Жастар туралы» ҚР-ның заңы), мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік орган мен мекеме қызметкерлері, әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлеріне беріледі. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаның операторы болып қарыз беруші банк «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы болып табылады. Несие беру туралы сұрақтары бойынша алдын-ала кеңес алу үшін «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына баруды ұсынамыз. Өтініштерді қабылдау және қажетті құжаттар тізбесін тапсыру мерзімі туралы ақпарат тұрғын үйлерді пайдалануға беруге дейін 6 ай қалғанда «Вечерняя Астана», «Астана хабары» газеттерінде және Астана қаласы әкімінің www. astana. kz сайтында орналасатын болады. Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын (11 санат, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңы 68-бабы, 9-тарау, 4-бөлім), мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне және әскери қызметкерлерге Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Есепке қою құқығын анықтау және кеңес алу үшін порталды қолданушыға Иманбаева көшесінде, 16 үйде орналасқан «Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ азаматтарды есепке алу бөліміне, № 202 кабинетке келуге болады.