Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша

Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 24.07.2019, 10:00
  • 24.07.2019, 18:00

Накипов Кайрат 24.07.2019, 11:28, Сұрақ нөмірі: 8541

  • 0

Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! Махамбет және Наурыз елді мекендері қашан газдандырылады?

Қызылорда облысы 24.07.2019

Қайырлы күн! Сұрағыңызға рақмет! 2018 жылы облыстық бюджеттен Наурыз және Махамбетов елді мекендерін газдандыру жобасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 49,6 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауында. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген "Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына" сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу 2021-2022 жылдарға жоспарланған.