Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша

Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 24.07.2019, 10:00
  • 24.07.2019, 18:00

Абсаматов Досжан 24.07.2019, 11:34, Сұрақ нөмірі: 8542

  • 0

Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! Жосалы кентіне газ қашан келеді? Күткенімізге 2-3 жыл болды. Аудан әкімі С.Мақашев 2018 жылдың наурыз айында есеп беру жиналысында Жосалы кентіне газ кіреді деп халық алдында ағынан жарылып уәде беріп еді.

Қызылорда облысы 24.07.2019

Сәлеметсіз бе?! Жосалы кентіне арналған АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) құрылысы 2017-2018 жылы республикалық және облыстық бюджеттен 1,5 млрд. теңгеге жүргізілді. Нысанды толықтай іске қосу үшін, Жосалы кентінде кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы жүргізілуі қажет. Жосалы кентіндегі квартал ішілік жұмыстарына бюджеттен 2019-2020 жылдарға 3,7 млрд.теңге қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстары шілденің аяғында басталады. Ағымдағы жылдың соңына дейін алғашқы нысандар табиғи газға қосылатын болады. Жоба толықтай 2020 жылы аяқталады.