Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша
Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 8
- Жауаптар: 8
- 24.07.2019, 10:00
- 24.07.2019, 18:00
Демесбаева Жансая 24.07.2019, Сұрақ нөмірі: 8544
Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы!
Тереңөзек кентіне газ жүргізілуде деген жағымды жаңалықты естіп қуанып жатырмыз. Кент тұрғындары табиғи газдың игілігін қашан көреді?
Қызылорда облысы 24.July.2019, 13:32
Сәлеметсіз бе, Жансая! Сұрағыңызға рақмет. 2018-2019 жылдары Тереңөзек және Жалағаш аудандарына АГТС құрылысын жүргізуге бюджеттен жалпы 3,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жоба қыркүйек айында аяқталады. Тереңөзек кентіне кварталішілік газ құбырын жүргізу үшін бюджеттен 2019-2020 жылдарға 2,4 млрд.теңге қаржы қаралып тұр. Кентішілік газ құбырының құрылысы қазіргі таңда басталып кетті. Ағымдағы жылдың соңына дейін алғашқы нысандар табиғи газға қосылатын болады. Жоба толықтай 2020 жылы аяқталады.