Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша

Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 24.07.2019, 10:00
  • 24.07.2019, 18:00

Әділбекова Назерке 24.07.2019, Сұрақ нөмірі: 8545

  • 0

Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! Менің сұрағым Жалағаш кентіне қашан газ жүргізіледі?

Қызылорда облысы 24.July.2019, 13:56

Сәлеметсіз бе! 2018-2019 жылдары Тереңөзек және Жалағаш аудандарына АГТС құрылысын жүргізуге бюджеттен жалпы 3,1 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жоба қыркүйек айында аяқталады. Жалағаш кентіне газ тарату желілерінің құрылысын жүргізуге 2019-2021 жылдарға 3,6 млрд.теңге қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары тамыз айында басталады. 2021 жылы Жалағаш кентінің тұрғындары табиғи газдың игілігін көретін болады.