Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша

Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 24.07.2019, 10:00
  • 24.07.2019, 18:00

Кенжалина Марал Жумабековна 24.07.2019, 14:38, Сұрақ нөмірі: 8547

  • 0

Сәлеметсізбе, Қуаныш Досмаилұлы! Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат а/о қашан газбен қамтылады? Қала маңындағы барлық аймақтар, тіпті аудандар газбен жабдықталғанда, неге жақын аймақ газбен қамтамасыз етілмеуде? Осы мәселені шешуге ықпал жасауды сұраймыз.

Қызылорда облысы 24.July.2019, 17:23

Сәлеметсіз бе, Марал Жұмабекқызы! Сұрағыңызға рақмет! 2018 жылға облыстық бюджеттен Наурыз және Махамбетов елді мекендерін газдандыру жобасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 49,6 млн.теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жоба-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптама қарауында. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген "Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспарына" сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізу 2021-2022 жылдарға жоспарланған.