Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша

Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 8
  • Жауаптар: 8
  • 24.07.2019, 10:00
  • 24.07.2019, 18:00

Исмайлов Жасулан 24.07.2019, 16:57, Сұрақ нөмірі: 8550

  • 0

Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! Жақсықылыш кентін газдандыру басталады деген жағымды хабар естіп жатырмыз. Жалпы биыл Жақсықылыш кентінің тұрғындары табиғи газды пайдалана ма?

Қызылорда облысы 24.July.2019, 17:26

Сұрағыңызға рақмет! Жақсықылыш кентін газдандыруға 2019-2020 жылдарға бюджеттен 766 млн.теңге қаржы қаралған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Ағымдағы жылдың соңына дейін алғашқы нысандар табиғи газға қосылатын болады. Жоба толықтай 2020 жылы аяқталады.