«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция

  • Сұрақтар: 5
  • Жауаптар: 5
  • 22.08.2019, 10:00
  • 22.08.2019, 17:00

Досманбетова Қаншайым 22.08.2019, 11:59, Сұрақ нөмірі: 8587

  • 0

2019 жылы қандай мамандықтар бойынша резидентурада білім алу үшін қаражат бөлінді?

Қызылорда облысы 22.08.2019

Облыс қаражаты есебінен резидентурада білім алу үшін облысымызға аса қажетті мамандықтар бойынша білім алуға болады: дәрігер анестезиолог-реаниматаолог, дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер неонатолог, дәрігер рентгенолог. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" 2009 жылғы 24 қарашадағы №774 және "Интернатура және резидентурада даярлаудың клиникалық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" 2008 жылғы 30 қаңтардағы №27 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы №660 бұйрығына сәйкес, жоғары медициналық оқу орнын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының, ғылыми орталықтарына, жоғары медициналық оқу орнындарына таңдаған мамандықтары бойынша резидентураға түсу үшін құжаттарын ұсынады, емтихандар тапсырады. Емтихан қорытындысы бойынша мемлекеттік грантқа ілікпеген жағдайда, басқармаға келіп бюджет қаражатына оқуға тілек білдіреді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасына оқу орнын бітірген және резидентура түсу үшін тапсырған емтихандар қорытындысын тапсырады. Сонымен қатар әрбір жоғары оқу орнындарының сайтында резидентураға түсу үшін ақпарат берілген.