«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.08.2019, 10:00
- 22.08.2019, 17:00
Тышканбаева Галия 22.08.2019, Сұрақ нөмірі: 8588
Мен Ақмешіт мөлтек ауданының тұрғынымын маған 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап «Целиакия, атипичная форма, активная стадия» диагнозын жаңадан анықтап, Креон 25000 ед дәрігер тағайындап берді. Аталған диагноз бойынша мемлекет тарапынан тегін дәрі дәрмек ала аламын ба?
Қызылорда облысы 22.August.2019, 13:28
ҚР ДСМ 2017ж 29 тамызында бекітілген №666 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтарды, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде тегін немесе жеңілдікпен берілетін дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және мамандандырылған емдік өнімдермен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы тізбесіне енгізілмеген 8 сирек кездесетін орфанды («Муковисцидоз», «Идиопатиялық өкпе артериясы гипертензиясы», «Аяқ көктамырларының өткір, терең тромбозы» «Буллезды эпидермолиз»,«Ювенильді идиопатиялық артрит», «Целиакия»,«Бехчет», «Туа пайда болған гиперинсулинизм»,) ауру түрлерімен ауыратын 106 науқастарға қосымша дәрі-дәрмектермен тегін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті әкімшілік пен облыстық мәслихат келісімімен амбулаториялық емделу кезінде тегін түрде 34 атаулы дәрілік заттарды (дәрілік препарттар,медициналық мақсаттағы бұйымдар және арнауы емдік тағамдарды) қосымша беру туралы шешімі бойынша 2019 жылы жергілікті бюджеттен 205,13 мың теңге қаржы бөлініп, қамтамасыз етілуде. Осыған сәйкес тіркелген емханаға барып қажетті құжаттарды тапсырып ала аласыз.