«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.08.2019, 10:00
- 22.08.2019, 17:00
Аяпов Серикбай 22.08.2019, 14:12, Сұрақ нөмірі: 8589
Саламатсыз ба, Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы!
Қызылорда қаласы Сырдария өзені сол жағалауының бас жоспары әзірленгенін, естіген болатынбыз осыған байланысты келешекте денсаулық сақтау саласы бойынша қандай инфрақұрылымдық жобалар салынатын болады?
Қызылорда облысы 22.August.2019, 15:42
1) 2022 жылға 100 келушіге арналған емханасымен қоса 500 төсек орындық көпбейінді ауруханасының (200 төсек орындық онкологиялық орталығы бар 300 төсек орынға арналған көпбейінді аурухана) құрылысын салу (қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде). Жалпы көлемі - 6,8 га жер телімі бөлінді. Аурухана заманауи медициналық қымбат құрал-жабдықтармен жабдықталатын болады. Нысан құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде іске асыру жоспарланып отыр. 2) Қызылорда қаласында 4-санаттағы жылына жоспар бойынша 5000-10000 донацияға арналған облыстық қан орталығы құрылысы. Жалпы көлемі - 6,5 га жер телімі бөлінді. Ағымдағы жылы нысан құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен -10 000,0 мың теңге бөлінген. 3) Аталған нысандар құрылысы «2019-2026 жылдарға арналған Қызылорда облысының перспективалық жоспарына» енгізілген.