«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.08.2019, 10:00
- 22.08.2019, 17:00
Сыздыкова Сауле 22.08.2019, 16:35, Сұрақ нөмірі: 8590
Сәлеметсізбе бе! Мен Қызылорда қаласы Мырқы Исаев көшесінің тұрғынымын жасым 60 - тан асты, өткен жылы қаңтардың басында үйде жүргенде жүрегім қысып, құлап облыстық ауруханаға балдар скорыймен апарды, жүрекке стент қойылды. Ауруханадан шығарда дәрігерлер бір жылдан соң қайта бақылау коронарографиясын жасат деген, соған емханаға барып, портал дегенді дайындатсам, кезегім қазан айының басына келіп тұр.
Сұрақ: неге осындай қажетті тексеру жасатуға халық айлап күту керек?
Қызылорда облысы 22.August.2019, 16:39
Қазіргі таңда тексерудің бұл түрін жүргізетін қондырғы тек Облыстық көпбейінді ауруханада бар. Облыс бойынша барлық тұрғындар қажеттілігіне қарай осы орталыққа жеткізіледі. Норматив бойынша бұл аппарат 250 мың тұрғынға біреу болу керек, біздің облысымызға кемі үшеуі керек. Өздеріңіз білетіндей 2018 жылдың қаңтар айында Қазалы ауданында 150 төсек орындық аудандық аурухана құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді. Ендігі жоспарымыз ІІІ ші тоқсанның аяғына дейін, мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында осы ауруханаға сіз айтқан тексеруді жүргізетін қондырғыны қойып, облысымыздың батыс аудандарының халқын сол жаққа қарай жолдау. Және де облыс орталығына қосымша қондырғы қою. Бүгінгі күнде бұл қондырғылар аталған ауруханаларда орнатылып, тестілеу жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде Орталыққа түсіп жатқан жүктеме азайып, медицина қызметінің бұл түрі қала халқына қол жетімдірек болады.