«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы» тақырыбында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен өтетін интернет-конференция
- Сұрақтар: 5
- Жауаптар: 5
- 22.08.2019, 10:00
- 22.08.2019, 17:00
Жолмырзаева Жұлдыз 22.08.2019, 16:54, Сұрақ нөмірі: 8591
Құрметті Қуанышбек Досмайылұлы! Қазіргі таңда халық арасында «Балалар неше түрлі ақаулармен туылды немесе өлді» деген сөзді жиі естиміз. Бұл даму ақауларының жиілеп кетуі алаңдатады. Біздің өңірде осы кемшіліктер қаншалықты анықталуда?
Қызылорда облысы 22.August.2019, 16:57
Сұрағыңызға рахмет. Қазіргі таңда туа пайда болған даму ақауларының көбеюінде– медицинаның дамуының да үлесі бар. Бір жағынан жүктілік кезінде ұрықтың жағдайын тексеру және зерттеу әдістерінің мүмкіндіктерінің кеңеюі мен дамуы болса, екінші жағынан, түрлі ақаумен туылған нәрестелерге ота жасау арқылы өмірін сақтап қалу әдістерінің дамуы. Облысымызда туа пайда болған даму ақауын зерттеу мен тексеру облыстық перинаталдық орталықтың медико-генетикалық бөлімінде жүргізіледі. Бұл бөлім заманауи зерттеу әдістерінің барлығымен жабдықталған. Сонымен қатар, барлық бастапқы медико – санитарлық көмек көрсету ұйымдарында жүргізілетін ультрадыбыстық зерттеудің сапасын арттыру мақсатында биылғы жылдың соңына дейін, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында облыстың 10 медициналық ұйымына эксперт класты 10 ультрадыбыстық зерттеу аппараттарын алу көзделіп отыр.