Ақмола облысында өнер мен мәдениеттің дамуы

«Ақмола облысында өнер мен мәдениеттің дамуы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 2
  • Жауаптар: 2
  • 27.08.2019, 09:00
  • 27.08.2019, 13:00

Рахметова Айгуль 27.08.2019, 11:36, Сұрақ нөмірі: 8596

  • 0

Облыс көлемінде тарихи-мәдени мұраны сақтау мен қорғау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

Ақмола облысы 27.August.2019, 11:51

Сәлеметсізбе, Айгүл! Қазіргі таңда Ақмола облысы бойынша 1793 тарих және мәдениет ескерткіштері бар, 4 республикалық маңызы бар ескерткіштер, 1032 жергілікті маңызы бар ескерткіштер және 757 алдын-ала есеп тізімінде. Жыл сайын облыс көлемінде қорғау-құтқару мен барлау жұмыстары жүргізіледі. 2019 жылы Зеренді ауданы Васильковка ауылы және Бурабай ауданы Жаңаталап ауылы маңында археологиялық экспедиция ұйымдастырылды, ал барлау жұмыстары қазан айында Атбасар ауданында жүргізіледі. Нұр-Сұлтан - Көкшетау тас жолының бойында Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Кенесары Қасымұлы сынды 5 Ұлы тұлғаларға ескерткіштер орнатылды (ОБ 450 млн,тенге). Сондай-ақ, биыл ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп Ерейментау ауданының тарих және мәдениет ескерткіштер жинағы басылып шықты.