Ақмола облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы
«Ақмола облысы бойынша білім саласындағы кейбір мәселелер туралы» тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Ақмола облысының әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 1
- Жауаптар: 1
- 28.08.2019, 09:00
- 28.08.2019, 13:00
Болысбек Замир 28.08.2019, Сұрақ нөмірі: 8600
Саламатсызба Ермек Борнабайулы! біз Ақмола облысында қазақ этноауылын соғуға ниеттіміз. Білім саласына да әкелер пайдасы мол болады деген ойдамыз! сол жобаны қаржыландыру мәселесі өткір болғандықтан бюджеттен я бомаса бюджеттен тыс қаржы көздерін бөлуді сұраймын. я болмаса мемлекеттік тапсырыс берсеңіз де жаман емес.
Болысбек Замир 29.08.2019, 09:07
рахмет, туған күніңізбен!
Ақмола облысы 28.August.2019, 18:18
Сәлеметсізбе, Болысбек Замир! Ақмола облысында этноауыл соғуды келесі бағдарламалар арқылы жүзеге асыра аласыз: 2017 жылдан бастап Қазақстанда Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-Бағдарлама) іске асырылуда. Бағдарлама жұмыссыздықты жоюға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған. Бағдарламада кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ғана емес, сондай-ақ бизнес-жобаны сүйемелдеу, осы бағдарламаға сәйкес қаржы институттарында кредит беру, бизнес – жобаларды ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерге – 6,3 млн.теңгеге дейін, моноқалалар мен қалаларда-16,4 млн. теңгеге дейін шағын кредиттер беру көзделген. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде жас кәсіпкерлерге, жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, сондай-ақ әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан адамдарға 3 млн.теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беріледі. Моноқалалардан, шағын қалалардан және ауылдық елді мекендерден кәсіпкерлер жобалары бойынша гранттар салалық шектеулерсіз беріледі. Жобаның негізгі өлшемі бизнес-идеяның жаңалығы (мүгедектерге қолданылмайды), бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі және оның енгізуге дайындығы болып табылады. Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы біле аласыз: 8(7162) 24-00-15.