Мемлекеттік бюджетті игерудің тиімді механизмі
Мемлекеттік бюджетті игерудің тиімді механизмі тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Қыраубаев Әлихан Сұлтанмұратұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 2
- Жауаптар: 2
- 28.08.2019, 09:00
- 28.08.2019, 18:00
Болысбек Замир 28.08.2019, 13:43, Сұрақ нөмірі: 8603
Саламалейкум Алихан Сұлтанмұратұлы!
осыдан жарты жыл бұрын Ақтау қаласында көгалдандыру бойынша жобаны көрген болатынмын. Қаржы экономикалық дәлелдемені жасау барысында көптеген қиындық туған болатын.оны істей алмай мемлекеттік сатып алудан бас тартуға тура келді.
осы орайда артық бюрократияны жою көзделіп отыр ма?
МЖС/ГЧП жобалары бойынша қандай жұмыс атқарылуда?
бала бақшаларды бюджеттен тыс көздерінен қаржыландыру мүмкін бе?
Қатысу бюджеті қабылдану жоспарлануда ма?
Маңғыстау облысы 29.August.2019, 16:03
Маңғыстау облысында қазіргі таңда мемлекеттік жекеменшік әріптестік механизмі бойынша 26 жобаны жүзеге асыруға жоспарлануда. Олар білім беру, денсаулық сақтау және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы жобалар. Нақтырақ айтқанда мемлекет меншігіндегі балабақшаларды және мектеп асханаларын ұзақ мерзімді сенімгерлік басқаруға беру. Қаланы көгалдандыру жобасы экономикалық сараптамадан өту сатысында.