Мемлекеттік органдардың ашықтығы

Мемлекеттік органдардың ашықтығы тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы жауап беретін болады.

  • Сұрақтар: 1
  • Жауаптар: 1
  • 28.08.2019, 09:00
  • 28.08.2019, 18:00

Болысбек Замир 28.08.2019, 13:51, Сұрақ нөмірі: 8604

  • 0

Саламалейкум Нұрлан Төлегенұлы! инвесторларды тарту мәселелері бойынша брошюраларда берілген емейл мекен жайларына жазған хаттарыма бір де бір мемлекеттік орган жауап қайтармаған! яғни келешек инвесторларды іздестіру мақсатында мен Маңғыстау басшылығымен кері байланыс орнатуға еш мүмкіндік жоқ. осы орайда ресми электрондық пошта жұмысы туралы мәлімет беруіңізді сұраймын. Ақпаратты беруге тыйым салынған ба? электрондық поштаның қабылдап алушылардың міндеттері орындалып жатыр ма?

Маңғыстау облысы 28.August.2019, 17:15

Сәлеметсіз бе! Осыған дейін жазған хаттарыңызды қандай емейл мекен-жайларына жолдадыңыз? Біз оған не себепті жауап қайтарылмағанын анықтайтын боламыз. Ресми электрондық поштаның мекен-жайы: info@mangystau.gov.kz Сондай-ақ, egov.kz сайтында облыс әкімінің блогы орналасқанын және ол жерге де кез келген уақытта сауал жолдауға болатынын қаперіңізге береміз.