Маңғыстау облысының стратегиялық дамуының жаңа жоспары
Маңғыстау облысының стратегиялық дамуының жаңа жоспары тақырыбында интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Маңғыстау облысының әкімі Трұмов Серікбай Өтелгенұлы жауап беретін болады.
- Сұрақтар: 3
- Жауаптар: 2
- 29.08.2019, 09:00
- 29.08.2019, 18:00
Болысбек Замир 29.08.2019, 10:42, Сұрақ нөмірі: 8606
саламатсыз ба Серікбай Үтеогенұлы!
Маңғыстау облысы стратегиялық дамудың жаңа жаспорларымен қалай танысса болады?
Оларды қаржыландыруда қандай қаржы көздері қарастырылған?
Шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндіктер беріледі ме?
Түркия елінен келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасалынған ба?
азық түлік тауарларын әкеліп сататын жоспарларды қолдауымен кім айналысады екен?
Маңғыстау облысы 29.August.2019, 18:01
Шағын және орта бизнесті дамытуға мүмкіндіктер беріле ме? Маңғыстау облысында шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған келесі бағдарламалар жүзеге асырылуда: - «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарламаға ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын іске асырып жатқан және іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер қатыса алады. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі кредиттің 50 %-ын өтейді, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттік шарттары бойынша жүзеге асырылады. Субсидиялау мерзімі - 3 жыл. Толық ақпараттар алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Өңірлік филиалына хабарласа аласыз (Ақтау қаласы 16 ш/а «Қайсар» бизнес орталығы, 8 (7292) 701051). - Қарапайым заттар экономикасын дамыту бағдарламасы. Бағдарлама қатысушылары: басым бағыттағы тауарлар тізіміне сәйкес жобаларды іске асыратын шағын, орта және ірі кәсіпорындар. Сыйақы мөлшерлемесі: Өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету саласы бойынша - 6%-ға дейін; АӨК (Агро өнеркәсіптік кешен) бойынша - 5%-ға дейін; Несие мерзімі – 7 жылға дейін; Толық ақпараттар алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на (Ақтау қаласы 16 ш/а «Қайсар» бизнес орталығы, 8 (7292) 701051), «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолығу қажет (35 ш/а, 2 ғимарат, тел. 8 (7292) 30-40-40). - Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы: жылына 6% аспайтын жеңілдетілген; барлық салаларға; Ақтау қ. үшін 20 200 000 теңгеге дейін; Жаңаөзен қ. үшін 16 412 500 теңгеге дейін; Ауылдық елді мекендерге 6 312 500 теңгеге дейін. Мерзімі 5 жылға дейін. Бағдарламаға қатысушылар: Жұмыссыздар, халықты жұмыспен қамту орталықтарына тіркелгендігіне қарамастан, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және нәтижесіз жұмыспен қамтылған, старт-ап жобалар, жұмыс істеп тұрған кәсіпкер. Толық ақпарат алу үшін қала кәсіпкерлеріне «Даму» КДҚ-на (Ақтау қаласы 16 ш/а «Қайсар» бизнес орталығы, 8 (7292) 701051) және ауылдық елді-мекен кәсіпкерлеріне «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на (8/7292/304646) жолығуға болады. - «Нұр-Капитал» Маңғыстау облысында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың Өңірлік бағдарламасы: Бағдарламаға қатысушылары: экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін Жаңаөзен қаласы және аудан кәсіпкерлері; Несие сомасы - 30 000 000 теңгеге дейін; Сыйақы мөлшерлемесі - 1%; Кредиттерді пайдалану мақсаты: - инвестициялар; - айналым қаражатын толықтыру; Кредиттер кәсіпкерлерге жаңа жұмыс орындарын құру шартымен беріледі; Бағдарлама аясында қаржыландыру Екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Толық ақпарат алу үшін және алғашқы құжаттарды тапсыру үшін алдымен Жаңаөзен қаласының және аудандық кәсіпкерлік бөлімдеріне жолығу қажет. Түркия елінен келетін инвесторларға қолайлы жағдай жасалынған ба? Қазіргі уақытта, тек Түркия мемлекетінен келген әлеуетті инвесторларға ғана емес, өңірімізге экономиканың басым секторларына инвестициялауға қызығушылық танытқан инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты негізінде инвесторларды сүйемелдеу бойынша Фронт-офисті ашу жоспарлануда. Фронт-офисті ашу ағымдағы жылдың қыркүйек айына қойылды. Ағымдағы жағдайы – Әділет органдарында тіркеу мәселесі шешіліп жатыр. Тіркеу қажет етпеген жағдайда, қыркүйектің бірінші аптасында Фронт-офисті ашуға қол жеткізуге болады. Фронт-офистің негізгі функциялары: инвестицияларды талап ететін тауашалы салаларды, жобаларды анықтау мақсатында өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу; инвесторлардың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастыру, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткізу, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастыру және жүргізу; өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету, соның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат беру; өңір аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізу; мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторларды сүйемелдеу бөлігінде «бір терезе» қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасау. Бұдан бөлек, а.ж. 18 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында Астана экономикалық форумы аясында Маңғыстау инвестициялық Форумы өткізілді. Форум аясында инвестицияларды тарту мақсатында бірқатар әлеуетті инвесторлармен якорлы жобаларды іске асыру бойынша келіссөздер жүргізіліп, тиісті меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Түркия елінен келген әлеуетті инвесторларға келетін болсақ, мысал ретінде «Aktau Tourism City LTD» ЖШС-ның Маңғыстау облысының әкімдігінің қолдауымен Ақтау қаласында «Aktau Resort Hotel» көпфункционалды қонақ үй-туристік кешені» нысанын салу жөніндегі жобасының іске асырылуы басталып кетті. Нысанның бірінші фазасын пайдалануға беру 2020 жылға жоспарланып отыр. Азық түлік тауарларын әкеліп сататын жоспарларды қолдауымен кім айналысады екен? Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы шекара жанындағы ынтымақтастық аясында азық-түлік өнімдеріне бағаны төмендету мақсатында а.ж. наурыз айынан бастап Өзбекстан Республикасынан тікелей жеткізілімді ұйымдастырды. Осы кезеңге дейін өңірімізге Өзбекстан Республикасынан 200 тонна жеміс-көкөніс тауарлары келді. Облыстың қалалары мен аудандарында осы өнімді нарық бағасынан 20%-ға төмен бағада өткізу үшін тұрғындарға арналған жәрмеңке өткізілді. Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: Маңғыстау облысының ауыл шаруашылық басқармасы, тел: 60-51-12, 60-51-14. Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы, тел: 31-35-97, 42-19-44.