Жемқорлықтың алдын алу және парасаттылықты қалыптастыру
Интернет-конференция барысында азаматтар жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша сұрақтарын жолдап, Департаменттің жұмысын одан әрі жандандыру бойынша ұсыныстарымен бөлісе алады
- Сұрақтар: 7
- Жауаптар: 7
- 05.09.2019, 09:00
- 05.09.2019, 18:30
Байкуатова Куралай 05.09.2019, 09:48, Сұрақ нөмірі: 8609
Бизнес өкілдеріне шенеуніктер тарапынан қысым көрсету бойынша қандай шаралар қабылдайсыздар?
Ақмола облысы 05.September.2019, 16:00
Сәлеметсіз бе! Сұрақ қойғаныңыз үшін рахмет! ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірімізде «Бизнес пен инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасын тиімді жүзеге асырып келеді. Егер кәсіпкерлерге, бизнес өкілдеріне, не болмаса инвесторларға мемлекеттік органдар тарапынан қандай да бір қысым көрсетілсе, сонымен қатар қызмет атқаруға бөгет жасалса, олар жоғарыда көрсетілген жобаның Фронт-кеңсесіне шағым білдіре алады. Келіп түскен шағымның негізінде Департамент «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, шағым білдірушінің мәселесін шешуге жәрдемдеседі. Фронт-кеңсенің телефондары 8 (707) 775 50 82; 8 (701) 933 67 52. Сонымен қатар, осы мәселелер бойынша Департаментке өтінім білдіруге болады. Біздің мекен-жайымыз: Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 71 үй. Телефонымыз: 8 (7162) 29 65 15